Alstom компаниясы Лоран Базинді Астанадағы Электровоз құрастыру зауытының (ЭҚЗ) бас директоры етіп тағайындады

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email

Орта Азияда электровоздарды өндіру жөніндегі жалғыз зауыт

  • ЭҚЗ 2012 жылдан бастап 2023 жылғы маусымға дейін ҚТЖ (Қазақстан темір жолы) үшін қазірдің өзінде 101 жүк және 43 жолаушылар локомотивін жеткізуді жүзеге асырды

  • ЭҚЗ Әзірбайжанға 40 жүк локомотивін экспорттады

2023 жылғы 1 маусым – Alstom компаниясы Лоран Базинді Астана қаласындағы, Қазақстан, Электровоз құрастыру зауытының (ЭҚЗ) бас директоры етіп тағайындады.

Лоран Alstom-ға 2002 жылы қосылды, содан бері ол әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді және Alstom бас кеңсесі мен Ла-Рошельдегі өндірістік алаңда жеткізілімдер мен сатып алу тізбегіне айтарлықтай үлес қосты. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін, 2016 жылғы қыркүйектен 2023 жылғы маусымға дейін Лоран AMECA (Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия) және APAC (Азия-Тынық мұхиты өңірі) өңірлерінде цифрлық трансформация жөніндегі директор және Қазақстанда жеткізілімдер тізбегі жөніндегі директор болып жұмыс істеді. Ол ЭҚЗ-да тартым жабдықтары мен трансформаторларды өндіру жөніндегі технологияларды беру үшін де жауапты болды.

"ЭҚЗ-ны басқару мен үшін зор құрмет. Жаңа лауазымда мен ЭҚЗ-ны көлік шешімдері нарығындағы өнеркәсіптік көшбасшы ретінде ұсынуды жалғастырамын. Бүгін көліктің анағұрлым экологиялық түріне көшу тренді мен қажеттілігін көріп отырмыз және біздің инновациялық шешімдеріміз бұл тұрғыда, дамып жатқан Орта Азия өңірінің нарығында өз орнын алатынына сенімдімін."

деп атап көрсетті ЭҚЗ бас директоры Лоран Базин

Лоран Базин Лилль университетінде құрылысты оқыды, содан кейін Страсбург ұлттық өнер және өнеркәсіп мектебінде (Ecole Nationale des Arts et Industries de Strasbourg) машина жасау саласындағы магистр дәрежесін алды.

"ЭҚЗ-ны басқару мен үшін зор құрмет. Жаңа лауазымда мен ЭҚЗ-ны көлік шешімдері нарығындағы өнеркәсіптік көшбасшы ретінде ұсынуды жалғастырамын. Бүгін көліктің анағұрлым экологиялық түріне көшу тренді мен қажеттілігін көріп отырмыз және біздің инновациялық шешімдеріміз бұл тұрғыда, дамып жатқан Орта Азия өңірінің нарығында өз орнын алатынына сенімдімін", – деп атап көрсетті ЭҚЗ бас директоры Лоран Базин.

Alstom компаниясы Батыс және Орта Азияда 1000-нан астам қызметкермен ұсынылған, Қазақстанда, Әзербайжан мен Өзбекстанда үш өкілдігі, бес депосы, сервистік орталығы және екі зауыты, Астанадағы электровоздарды өндіру мен оларға қызмет көрсету және тартқыш трансформаторларды өндіру жөніндегі ЭҚЗ және Алматыдағы бағыттамалық бұрмаларды өндіру жөніндегі КЭП бар.

A major contributor to the rail industry in the region

Alstom Қазақстанда

Read more