Alstom Қанат Алпысбаевты Батыс және Орта Азия кластерінің Басқарушы директоры етіп тағайындады

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email

2021 жылғы 1 қазан – Alstom Қанат Алпысбаевты көлік саласын жаңғырту мен индустрияландыруға байланысты өңірдің ауқымды мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін компаниясының Батыс және Орта Азия кластерінің Басқарушы директоры лауазымына тағайындады. Қанат Alstom-ға Қазақстан Республикасының ұлттық пошта қызметі «Қазпошта» АҚ-дан ауысты, онда ол басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қанат Алпысбаевтың көлік саласындағы басқарушылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асады. Ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарды. Бұған дейін ол ұлттық теміржол операторы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның президенті және басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеп, «Эйр Астана» және General Electric компанияларында басқа да басшылық қызметтерді атқарды. Қанат Лос-Анджелестегі Калифорния университеті мен Сингапур Ұлттық университетіндегі іскерлік әкімшілендірудің магистр дәрежесін қоса алғанда, бизнес пен инженерия саласында бірнеше магистр және бакалавр дәрежесін алды.

Andrew DeLeone

«Қанатты Alstom компаниясынан көргеніме қуаныштымын. Ол қызметіміз бен төңіректетуді жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін бай тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктердің бірегей түсінігін алып қосады. Батыс және Орта Азия Alstom компаниясы үшін өте маңызды нарық болып табылады, өйткені, бұл өңір көлік инфрақұрылымын дамытуға деген ұмтылысты көрсетіп отыр.»

Эндрю ДеЛеоне
хабарлады Африка, Таяу Шығыс және Орта Азияөңірінің президенті

«Қанатты Alstom компаниясынан көргеніме қуаныштымын. Ол қызметіміз бен төңіректетуді жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін бай тәжірибе мен жергілікті ерекшеліктердің бірегей түсінігін алып қосады. Батыс және Орта Азия Alstom компаниясы үшін өте маңызды нарық болып табылады, өйткені, бұл өңір көлік инфрақұрылымын дамытуға деген ұмтылысты көрсетіп отыр. Біз өңірде қуатты өндірістік және сервистік әлеует құрдық әрі жаңа өнеркәсіптік бастамаларды іске асыру, жұмыс орындарын құру және өзара пайданы қамтамасыз ету үшін инновацияларды енгізу мүмкіндігін асыға күтеміз», – деп хабарлады Африка, Таяу Шығыс және Орта Азияөңірінің президенті Эндрю ДеЛеоне.

«Мен Alstom-ға қосылғанымды әрі компанияның Батыс және Орта Азиядағы қызметіне басшылық ететінімді мақтан тұтамын. Alstom – осы саладағы көшбасшы және компанияның дарынды қызметкерлері бүкіл әлем бойынша клиенттерге пайда әкелетін мобильділік саласында жоғары технологиялық шешімдерді әзірлейді. Мен әріптестік қарым-қатынастарымыздың кеңеюін және өңірде теміржол саласын жандандыруға жәрдемдесу үшін жергілікті әлеуеттің ұлғаюын асыға күтемін», деп атап көрсетті Alstom компаниясының Батыс және Орта Азия кластерінің басқарушы директоры Қанат Алпысбаев.

Alstom компаниясы Батыс және Орта Азияда 1000-нан астам адам қызметкерлер штатымен, үш елдік кеңсемен (Қазақстанда, Әзірбайжан мен Өзбекстанда), бес депомен, сервистік орталықпен және екі зауытпен – электровоздарды өндіретін әрі оларға қызмет көрсету, сонымен қатар тартқыш трансформаторларды өндіруді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭҚЗ» және бағыттамалық жетектерді өндіретін Алматы қаласындағы Қазэлектропривод зауыттарымен ұсынылған. Alstom елдегі мобильділік секторын қалпына келтіруге және экономиканы дамытуға үлкен үлес қосып келеді.