Alstom мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ әріптестікті кеңейтуде

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email
Press contact - Coralie Collet

Coralie Collet

Send an email
  • KZ8A(NG) жаңа буын локомотивін пайдалана отырып, локомотив паркін жаңарту

  • Локомотивтерді жергіліктендіру деңгейін одан әрі арттыру үшін өнім берушілер базасын кеңейту

  • Қазақстанда СОБ бойынша озық технологиялар орталығын іске қосу

Париж, Франция, 2022 жылғы 30 қараша – орнықты және экологиялық таза көлік шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшы Alstom мен "Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ (ҚТЖ) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары кезінде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісімге AMECA (Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия) өңіріндегі Alstom президенті Эндрю Делеон және ҚТЖ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев қол қойды.

Alstom мен ҚТЖ KZ8A(NG) жаңа буын локомотивтерін қоса алғанда, ҚТЖ локомотив паркін жаңартуға және техникалық қызмет көрсетуге байланысты ынтымақтастықты кеңейтті. Бүгінгі таңда коммерциялық пайдалануда 90 жүк және 39 жолаушылар локомотиві бар, бұл ретте ҚТЖ үшін 160 жүк және 80 жолаушылар локомотивін өндіріп, жеткізу жоспарлануда. Тараптар жергіліктендіру деңгейін арттыру үшін елдегі өнім берушілер базасының қуаттары мен теміржол технологияларын ұлғайту бойынша күш-жігерді біріктіруге уағдаласты. Соңғы 12 жылда Alstom компаниясы 340-тан астам жергілікті әріптесті қамтитын кең өнім берушілер базасын қалыптастырып, осы базаны кеңейтуді жалғастыруды және жергіліктендіру қарқынын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Andrew DeLeone

"Alstom-ның Қазақстандағы жұмысы елдегі тікелей көлік қажеттіліктерін қамтамасыз етумен шектелмейді, ол қуатты және орнықты теміржол саласын құру процесінде ҚТЖ-ны қолдауға бағытталған. Біз Қазақстанның даму болашағын жергіліктендіру деңгейінің артуы мен кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа экспорттық мүмкіндіктер ретінде қарастырамыз."

Эндрю Делеон
АМЕСА өңіріндегі Alstom президенті

Alstom мен ҚТЖ еліде EBI Lock 950 (СОБ) өнімдері бойынша сараптамалық әлеуетті қалыптастыру мақсатында әріптестікті әртараптандыру және Қазақстанда СОБ бойынша озық технологиялар орталығын құру туралы уағдаласты. Alstom компаниясы ең заманауи теміржолдарды құруға деген ұмтылысын көрсетіп отыр және орнықты даму процесінің негізгі қатысушысы болып табылады. Сонымен қатар, Alstom елдегі көлік құралдарының шығарындыларын қысқарту үшін сутегі отыны мен аккумуляторлардағы пойыздарға ерекше көңіл бөле отырып, шығарындылар деңгейі төмен теміржол технологияларын енгізу бойынша ҚТЖ-мен жұмыс істейтін болады.

"Alstom-ның Қазақстандағы жұмысы елдегі тікелей көлік қажеттіліктерін қамтамасыз етумен шектелмейді, ол қуатты және орнықты теміржол саласын құру процесінде ҚТЖ-ны қолдауға бағытталған. Біз Қазақстанның даму болашағын жергіліктендіру деңгейінің артуы мен кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа экспорттық мүмкіндіктер ретінде қарастырамыз. Біз әуел бастағыдай, елдің теміржол саласын жаңғыртуға және оның экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуға ниеттіміз", - деді АМЕСА өңіріндегі Alstom президенті Эндрю Делеон.

  • 90
    жүк электровоздары коммерциялық қолдануда
  • 39
    жолаушылар электровоздары коммерциялық қолдануда
  • >340
    жергілікті жеткізушілер серіктестері

Alstom-ның Қазақстандағы қызметкерлер штатында 1 000-нан астам маман бар және компания төрт сервистік орталықпен және екі өндірістік кәсіпорынмен ұсынылған.
Біріншісі – жүк және жолаушылар электровоздары өндіріліп, тартым трансформаторлары мен арбалар жасалатын Астанадағы "ЭҚЗ", екіншісі – елдің теміржол желісі үшін бағыттамалық жетектер өндірілетін Алматыдағы "КЭП". Alstom көлік саласын жаңғыртуға және ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Таңдалған шешімдер қазақстандықтардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер етеді және елдің теміржол желісін жаңғыртудың ажырамас бөлігі болып табылады. Анағұрлым жоғары жылдамдықтан, үлкен өткізу қабілеті мен жоғары пайдалануға дайындық коэффициентінен бөлек, 250 жүк және 119 жолаушылар Prima локомотиві құрамдастарының 97%-ы қайталама қайта өңдеуге жарамды. Alstom пайдалану деректеріне сәйкес, Қазақстанда пайдаланылатын Alstom өндірген пойыздар автомобильдермен салыстырғанда 89%-ға аз гСО2/жолаушы-километр шығарады және елде энергетикалық баланста жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың ұлғаюына қарай СО2 шығарындыларының одан әрі төмендеуі байқалатын болады.

Қазақстанда Alstom туралы көбірек біліңіз: https://www.alstom.com/alstom-kazakhstan

A major contributor to the rail industry in the region

Alstom Қазақстанда

Read more