Alstom және Қазақстан Республикасы жергілікті өндіріс пен техникалық қызмет көрсетуді ұлғайту мақсатында ынтымақтастық туралы келісім жасасты

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email
  • Alstom сервистік қызмет көрсету желісін дамытуға 50  млн. еуродан астам инвестиция салады

  • Түпкілікті инвестициялық келісім жыл ішінде жасалатын болады  

Париж, Франция - 2022 жылғы 1 желтоқсан зияткерлік және экологиялық таза көлік шешімдері саласындағы әлемдік көшбасшы Alstom мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстанда жылжымалы құрамдардың өндірісі мен сервистік орталықтарды кеңейтуге байланысты жобаларды бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қойды.

Келісімге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді мен Alstom компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және CEO Анри Пупар-Лафарж Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары аясында қол қойды.

Henri Poupart-Lafarge

"Мен Alstom-ның Қазақстанмен ынтымақтастығына қатысты оптимизмге толымын. Қазақстанның географиялық орналасуы, мемлекеттік қолдау, тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ахуал және көлік шешімдеріне өсіп келе жатқан сұраныс Қазақстанның өңірдегі транзиттік торапқа айналып қана қоймай, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік база ретінде орнығуы үшін қолайлы жағдай жасайды"

Анри Пупар-Лафарж
компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және CEO

Келісімде электровоздар, жиынтықтауыштар өндіруге, технологияларды беруге және техникалық қызмет көрсету мүмкіндіктеріне байланысты ынтымақтастық салалары айқындалған. Атап айтқанда, Alstom компаниясының арбалар мен электр шкафтарын өндіру жөніндегі жаңа цехтарға, сервистік орталықтар мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі деполарға кемінде 50 млн. еуро инвестициялауы көзделген.

Alstom компаниясы Қазақстанмен ұзақ мерзімді әріптестікке ұмтылады және қолданыстағы өндірістік әлеуетті құруға 126 млн. еуро көлеміндегі инвестициялардың арқасында локомотивтердегі жергілікті қамту деңгейін 4%-дан 31%-ға дейін арттырды. Осы келісім шеңберінде Alstom осы әлеуетті одан әрі арттыруға міндеттенеді және 2025 жылға қарай 39% жергілікті қамтуға қол жеткізуге ұмтылады.

"Мен Alstom-ның Қазақстанмен ынтымақтастығына қатысты оптимизмге толымын. Қазақстанның географиялық орналасуы, мемлекеттік қолдау, тікелей шетелдік инвестициялар үшін тартымды ахуал және көлік шешімдеріне өсіп келе жатқан сұраныс Қазақстанның өңірдегі транзиттік торапқа айналып қана қоймай, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік база ретінде орнығуы үшін қолайлы жағдай жасайды", – деп атап өтті Alstom компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және CEO Анри Пупар-Лафарж.

Alstom компаниясы Қазақстанда қызметін 2010 жылдан бері жүзеге асырып келеді және елдің көлік қажеттіліктерін қамтамасыз ету және теміржолдарды жаңғырту бойынша жұмыс істейтін 1000-нан астам қызметкері бар елеулі өндірістік база құрды. Соңғы 12 жыл ішінде Alstom компаниясы бүкіл ел бойынша 7 өндірістік кәсіпорынды, оның ішінде Астанадағы бірегей электровоз құрастыру зауытын ("ЭҚЗ") және Алматыдағы бағыттамалық жетектер өндірілетін "КЭП" зауытын пайдалануға берді.