Alstom қоры бүкіл әлем бойынша 25 жаңа жобаға қолдау көрсетеді
Қолдау Қазақстанның Атбасар қаласындағы "Болашақ техникалық мамандарын дайындау" жобасына көрсетілетін болады
2019 жылғы 28 қазан – Alstom қоры 2019 жылға жобалардың түпкілікті іріктеуін жариялады. Жалпы 158 жоба ұсынылды және Alstom-ның қызметкерлері қайырымдылық пен жергілікті қоғамдастықтарды қолдауға қатысты қайтадан құлшыныс танытты.
Жобалардың арасында Қор Қазақстанның Ақмола облысының Атбасар қаласындағы "Болашақ техникалық мамандарын дайындау" жобасының екінші кезеңін таңдады.
Екінші кезең шеңберінде пісіру зертханасы заманауи жабдықтың есебінен кеңейтілетін болады, онда студенттер нақты жағдайда пісірудің негізгі және неғұрлым кең тараған түрлерін игере алады. 2019 жылдың мамырында пісіру зертханасына толықтырылған шындығы бар үш жоғары сыныпты пісіру симуляторы жеткізілген болатын. Бұл студенттерге қауіпсіз әрі экономикалық жағынан тиімді (шығыс материалдарын үнемдеу) жағдайда пісіруді тиімді түрде үйренуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, пісіру саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес оқытушыларды одан әрі даярлау, оқу жоспарларын жаңарту, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоз құрастыру зауытында студенттер үшін практика өткізілетін болады. Қорытынды іс-шара ретінде колледждің электрмен және газбен пісіру факультеті жаңа тәжірибені қолданып, Ақмола облысынан әріптестері үшін демонстрациялық сабақтар өткізеді.
“Біз Атбасар агротехникалық колледжімен екі жыл бойы әріптестік қатынастарды дамытып жатқанымызға қуаныштымыз. Осы кезең ішінде біз жуырда ашылған зертхана үшін студенттер пайдалана алатын заманауи жабдықты ұсынамыз”, – деді Батыс және Орталық Азия кластеріндегі басқарушы директор Гийом Триттер.
“Мен Alstom компаниясынан әріптестерімнің әлеуметтік жауапкершілікті белсенді танытып жатқанына қуаныштымын! Жергілікті қоғамдастықтарға қолдау көрсетудегі осындай ұмтылысқа жауап ретінде Топ жобаларды қаржыландыру үшін Қордың жылдық бюджетін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Биылдан бастап Қордың бюджеті 1,5 млн. еуроны құрайтын болады, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 50%-ға артық. Бұл Қорға көбірек жобаларды және/немесе құндылығы анағұрлым жоғары жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Alstom қорының Бас хатшысы Барри Хоу.
Ағымдағы жылы Қордың Басқармасы 2019/20 жылдарға өз бюджетінен қаржыландыру үшін 25 жобаны таңдап алды, бұл өткен жылы қаржылық қолдау көрсетілген 16 жобамен салыстырғанда едәуір көп.
2007 жылы құрылған Alstom қоры Alstom-ның қызметкерлері ұсынған жобаларды қолдайды және қаржыландырады, олар Топ объектілерінің және бүкіл әлем бойынша өндірістік алаңдардың жанында орналасқан қоғамдастықтардағы өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды іске асыру үшін ҮЕҰ арасынан жергілікті әріптестермен және коммерциялық емес ұйымдармен бірігеді. Қор жобаларының негізгі бағыттары мобильділікті, қоршаған ортаны қорғауды, энергетиканы және сумен жабдықтауды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтиды.
Alstom қорының сайты