Alstom компаниясы Екібастұз қаласында (Қазақстан) жаңа түрдегі бағыттамалы бұрмадағы Р80 бағыттамалық электр жетегіне сынауларды ойдағыдай өткізді

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email

2019 жылғы 18 маусым – Alstom-ның бірлескен кәсіпорны ҚЭЖ[1] Павлодар облысының, Шідерті, Екібастұз станцияларында 6 ай кезеңге созылған жаңа түрдегі бағыттамалы бұрмада орнатылған Р80 бағыттамалық электр жетегіне сынауларды ойдағыдай өткізді. Бұл сынаулар ҚТЖ-мен (Қазақстан темір жолы) және  жаңа түрдегі бағыттамалы бұрманы жасаған ПМК (Проммашкомплект) компаниясымен бірлесіп өткізілді. ҚЭЖ-не Екібастұз Дабыл қағу және байланыс дистанциясынан (ҚТЖ филиалы) 2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы мамыр аралығында пайдалану сынаулары барысында техникалық ақаулықтары анықталмағаны туралы ресми растау алынды. Р80 бағыттамалы электр жетегі ауа температурасы -40ºC кезіндегі қатты қыс болған жағдайда дұрыс жұмыс істеді және сынаулар өткізу кезінде шамамен 1200 бұрмалар жасады.

«Біздің бағыттамалы электр жетектеріміздің пайдалану сынаулары сервистік қызмет көрсету шарттарына және елдің қоршаған ортаның жағдайына қолданылуы мен бейімделе алатынын ғана көрсетпей, үздіксіз жұмысын және біздің Қазақстандағы серіктестірімізбен дайындалған жаңартылған бағыттамалы бұрмалармен бірге мінсіз үйлесімділікті көрсеткені де бізде өте қуантады.» - деді Alstom-ның Қазақстандағы Басқарушы директоры Гийом Триттер.

ҚЭЖ (Алматы қаласы) шығаратын Р80 бағыттамалы электр жетегі қозғалыстық жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін Alstom компаниясымен әзірленді. Р80 ең төменгі кезеңділікті техникалық қызмет көрсетуді талап етеді, магистралды жолдармен, жүк тасу желілері мен метроның желілерімен үйлесімді болып келеді. Р80 180 км/с дейін қозғалу жылдамдықтарымен сертификатталған және 20 жыл пайдалану мерзімі бар. Alstom компаниясы бүкіл әлем бойынша 30-дан астам елдерінде 50.000 астам бағыттамалы электр жетектері орнатылған.

ҚЭЖ 2013 жылы құрылды және ҚТЖ арналған 10.000 бағыттамалы электр жетектерін жеткізу үшін 90 млн еуро сомасында контрактіні алды. Бүгінгі күні ҚЭЖ активтерімен Alstom компаниясы және ТОО «Special Oil Projects» теңдей басқарады. Көлемі 2,870 м2 құрайтын кәсіпорында ҚТЖ Р80 бағыттамалы электр жетегін жеткізуді қамтамасыз ететін 50 адам жұмыс істейді. Бүгінгі күні коммерциялық пайдалануға 2.820 бағыттамалы электр жетектері берілді, олар өзін сенімді және қазақстандық теміржол жолдарына сай екендігін көрсетті.  

[1] КЭЖ – “ҚазЭлектрЖетек» БК» ЖШС (50% Alstom, 50% SOP Trade)