Alstom қоры Атбасар қаласындағы Агротехникалық колледжге қолдау көрсетеді

Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email

2019 жылғы 14 маусым - Alstom қоры Орталық Азияның Еуразия Қорының (ОАЕҚ) қолдауымен Атбасар Агротехникалық колледжінде электрикалық және газды дәнекерлеу факультетінің оқушыларына арналған замануи дәнекерлеу құрал-жабдығымен жабдықталған зертхананы ашты. Бұл зертхана «Болашақ техника мамандарын дайындау» жобасының бөлігі болып табылады.

Alstom және ОАЕҚ жалпы күш-жігерлерін Атбасар қаласындағы Агротехникалық колледжінің студенттеріне арналған кәсіби мүмкіндіктерін арттыруға бағыттаған. Alstom Қорының қатысуы - оқу құрал-жабдықтарын жаңғырту мен оқу бағдарламасын жаңартуды қаржылық жағынан қамтамасыз етуден тұрады. Жоба студенттерге саланың талаптарын әлдеқайда тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуды көздейді.

«Атбасар агротехникалық колледжімен серіктестік қарым-қатынас орнату Қазақстанның машина жасау саласына өз септігін тигізеді, себебі осы қарым-қатынастардың мақсаты студенттердің негізгі және кәсіби дағдыларын дамыту болып табылады. Біздің компаниямыздың жоспарында ірі қалалардан алыс арақашықтықта орналасқан өңірлерді дамытуда жәрдемдесу болып табылады және біз осы жобаның экономикалық, әлеуметтік даму және қолдау болып табылатын басты аспектілері шеңберінде еліміздің құзыретінің өсуіне өз үлесін қосу мүмкіндігі болғанына қуаныштымыз», - деді Қазақстандағы Alstom компаниясының басқарушы директоры Гийом Триттер.

«Alstom Қоры үшін Қазақстандағы алғашқы жоба бойынша осы басты кезеңді іске асыру айтарлықтай қуантады, оның мақсаты жергілікті жастардың дағдыларын дамыту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуден тұрады», - Alstom Қорының бас хатшысы, Барри Хоу.

Жобаны іске асыру барысында Alstom қызметкерлері Атбасар колледжінің оқытушылары мен студенттеріне технологиялық процестің мәнісіне ену және саладағы соңғы үрдістер туралы біліммен бөлісу мүмкіндігіне ие үшін Нұр-Сұлтандағы Электровоз құрастыру зауытына (ЭҚЗ) сапарлар ұйымдастырады. ОАЕҚ өз тарапынан халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстан дәнекерлеушілер қауымдастығымен өткізілетін, оқытушыларға арналған екі апталық біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырды. Оқу аяқталған соң оқытушылар алған білімдерімен бөлісу мақсатында басқа кәсіби-техникалық училищелердің оқытушылық құрамында өз бетінше оқуларды өткізе алатын болады.

Alstom компаниясының Қазақстанда өкілдігі, 650 астам қызметкері бар штат бар, екі бірлескен кәсіпорны мен екі өндірістік объектілері бар, Нұр-Сұлтан қаласында локомотивтер мен борттық трансформаторларды өндіру және қызмет көрсету жөніндегі ЭҚЗ-ты бар, сондай-ақ Алматыда бағыттамалық жетекті өндіретін ҚЭП бар. Alstom компаниясы Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі электровоздарды және бағыттамалық жетектердің бірегей өндірушісі, сондай-ақ теміржол саласын қалпына келтіру және осы саладағы экономиканы дамыту бағдарламасының жалғыз қатысушысы болып табылады.

Атбасар – Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласынан 265 км орналасқан, 30 000 астам халқы бар, Ақмола облысындағы қала. Атбасар қаласы Қазақстанның ірі қалалары, Ресей Федерациядағы Мәскеу мен Санкт-Петербург, Украинадағы Киев қалалары арасындағы теміржол қатынасы бар ірі станция болып табылады.