Alstom Гийом Триттерді Батыс және Орта Азия кластеріндегі басқарушы директор етіп тағайындады
Alstom Гийом Триттерді Батыс және Орта Азия кластеріндегі басқарушы директор етіп тағайындады
Press contact - Western and Central Asia
Aizhan Aldabergenova
Send an email2019 жылғы 2 шілде – Alstom компаниясы Гийом Триттерді Батыс және Орта Азия кластеріндегі басқарушы директор етіп тағайындады[1]. Бұған дейін Гийом Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан бойынша басқарушы директор лауазымында Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында қызмет жасады.
Гийом Триттер Alstom-да 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді және де көлік мобильділігі саласында елеулі жұмыс тәжірибесіне ие. Бұған дейін ол бес жыл Францияның Бельфор қаласында локомотивтерді жеткізуге арналған тендерлер жөніндегі менеджер болып жұмыс жасады. Осы қызметте Гийом электровоздарды өндіру мен жеткізуге, сондай-ақ, Қазақстан елордасында электровоз құрастыру зауытын салуға арналған «Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ-мен арадағы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюға жауап берді. 2013 жылы ол Қазақстанға көшіп, Нұр-Сұлтан қаласында бизнесті дамыту және клиенттермен жұмыс жөніндегі директор ретінде жұмысқа кірісті. 2014-2019 жылдары Гийом Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан үшін жауап беретін басшы ретінде Alstom үшін Орта Азияда негізгі рөл атқарды.
“Мен нарықтық даму мүмкіндігі керемет өңір саналатын Батыс және Орта Азия кластеріне басшылық ететінімді мақтан тұтамын. Жуырда біз өзіміздің жаңа стратегиямызды таныстырдық және де мен кластердегі клиенттерімізге көліктік мобильділікке арналған зияткерлік, экологиялық таза әрі инновациялық шешімдерді ұсыну үшін барлық күш-жігерімді жұмсамақпын”, – деді Alstom компаниясының Батыс және Орта Азиядағы басқарушы директоры Гийом Триттер.
“Гийом Триттер үшін бұл Батыс және Орта Азия кластеріне басшылық ету үшін өте жақсы кез, өйткені ол мобильділік саласынің өсімі мен кірістілігіне жағдай жасады, сондай-ақ, ол өңірдің ерекшеліктерімен етене таныс басшы. Гийом компаниямыздың Батыс және Орта Азияның кластеріндегі орнын одан әрі нығайта түсу үшін Alstom-ның өз серіктестерімен ынтымақтастығын жалғастыратынына сенімдімін”, – деді Alstom компаниясының Таяу Шығыс және Африкадағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер.
Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азияда 730-ден астам қызметкерлерді қамтитын штаты, бес кеңсесі, екі депосы және екі өндірістік объектісі – локомотивтер мен тартқыш трансформаторларды өндірумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын Нұр-Сұлтан қаласындағы Электровоз құрастыру зауыты (ЭҚЗ), сондай-ақ бағыттамалық жетектерді өндірумен айналысатын Алматы қаласындағы ҚазЭлектроПривод (ҚЭП) өнеркәсібі бар. Alstom аймақтағы темір жол өнеркәсібін және оның экономикасын жаңғыртуға бағытталған істің ең ірі қатысушысы болып табылады.
[1] Батыс және Орта Азия кластері Қазақстанды, Әзірбайжанды, Өзбекстанды, Қырғызстанды, Тәжікстанды, Түркіменстанды, Арменияны, Грузияны, Иран мен Иракты қамтиды.