Alstom және Қазақстан темір жолы Сандық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email

30 шілде, 2019 ж.Alstom және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасындағы темір жол дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға арналған сандық технологияларды дамыту саласында ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойды. Меморандумға бүгін Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдың Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭҚЗ» электровоз құрастыру зауытына жасаған ресми сапары кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов және Alstom компаниясының Таяу Шығыс пен Африка және Орта Азия аймағындағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Меморандум темір жол дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттауға арналған сандық технологияларды дамытуға арналған. Бұл Қазақстан Республикасында құрылғалы отырған «Дабылдама жүйесі, орталықтандыру және бұғаттау сандық құзыреттіліктер орталығы» базасында басымдыққа ие теміржол станцияларындағы аталмыш жүйелерді жаңғырту аясында бейімделген техникалық шешімдерді келешекте ендіру мақсатында жүзеге асырылмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сандық бағдарламаларды белсенді ендіруде. Темір инфрақұрылымын жаңғыртуеліміздің көлік саласын дамытудағы басымдықты бағыттардың бірі. Alstom сияқты әлемдік көшбасшымен әріптестікте біз жаңа технологияларды, атап айтқанда ДОБ заманауи жүйесі желісін енгізу айтарлықтай қысқа мерзімде және жоғары сапалы деңгейде өтетініне сенімдіміз», - деп атап көрсетті ҚТЖ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев.

«Мен Қазақстан темір жолымен бірге темір жол саласын сандық дамыту аясында ынтымақтасып отырғанымызға аса қуаныштымын. Alstom жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады, осы уақыт ішінде біздің кәсіпорын 25-тен аса елде 1500 орталықтандыру жүйесін орнатып үлгерді. Сондықтан біздің ұзақ мерзімге жалғасатын өнегелі ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін Қазақстанға ең заманауи шешімдерді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Alstom компаниясының Таяу Шығыс пен Африка және Орта Азия аймағындағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер.

Alstom компаниясы сервистік депо, сервистік орталық, сондай-ақ, Нұрсұлтан қаласында магистральдық электровозды өндіру және сервистік қызмет көрсетумен айналысатын Электровоз құрастыру зауытында және де жаңа буынға жататын бағыттамалық жетекті өндіретін Алматы қаласындағы «Қазэлектрожетек» зауытында қызмет жасайтын 730-дан аса қызметкер штатымен Қазақстанда өз қызметін жүргізеді. Alstom аймақтағы темір жол индустриясының қалыптасуы мен экономиканың дамуына ат салысып отырған ең ірі компания болып табылады.