Alstom қорын Қазақстандағы «Дара» қоры қолдайды

Download as PDF
Press contact - Western and Central Asia

Aizhan Aldabergenova

Send an email
Press contacts - Corporate

Coralie Collet

Send an email

Samuel Miller

Send an email

Жетім балаларға арналған «Тәлімгерлер» жобасы

2020 жылғы 4 желтоқсан – Бүкіл әлем бойынша 29 жобаны іріктеу аясында Alstom қоры Қазақстандағы «Дара» қоры ұсынған «Тәлімгерлер» жобасын қолдау туралы шешім қабылады.

«Тәлімгерлер» жобасы ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балаларға көмек көрсетуге, олардың өмірлік әлеуетін ашуға және ересек волонтер-тәлімгерлермен тілдесу арқылы олардың өз бетінше өмір сүру дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер жасөспірімге өз-өзіне сенімді болуға көмектеседі, бала өзінің жеке тұлғасын жақсырақ тануға, өмірлік мақсаттарын қоюып, оларды жүзеге асыру үшін ықпал етеді.

«Бұл – Alstom қоры Қазақстанда жүзеге асырып отырған екінші жоба және біз әртүрлі әлеуметтік аспектілердегі қоғамдастықтарға одан әрі қуана қолдау көрсетеміз. Біз енгізген үлес «Дара» қорына көптеген жетім балалар үшін берік база жасауға және осындай өте маңызды әрі құнды жобаға көбірек тәлімгерлерді тартуға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп, Батыс және Орталық Азия өңіріндегі Alstom басқарушы директоры Гийом Триттер өз ойын білдірді.

Грант Қазақстанның үш қаласында – Нұр-Сұлтанда, Семейде және Қостанайда әріптестік қарым-қатынастарды дамыту үшін және үйлестірушілерді жалдау үшін, сондай-ақ Қызылорда қаласында жобаны іске қосу үшін пайдаланылатын болады. «Дара» қоры жобаны үйлестірушілер мен тәлімгерлердің рөліне 600 жаңа үміткерді тартуды және оларды Қор өз бетінше әзірлеген әдістеме бойынша оқытуды жоспарлап отыр. Оқыту аяқталғаннан кейін «Дара» қоры барлық тәлімгерлердің қамқорлыққа алынған (балалар үйнің тәрбиеленушілері) балалармен өзара әрекеттесуіне қолдау көрсетеді және бақылау жүргізеді.

«Жетім балаларға қолдау көрсететін «Тәлімгерлер» жобасы Қордың әлеуметтік даму саласындағы бағытына толық сәйкес келеді. Alstom қызметкерлері осы жобаға волонтер-тәлімгерлер ретінде тікелей қатыса алады және біз осындай қоғамдық қызметке қатысуымызды мақтан тұтамыз», - деп, Alstom қорының бас хатшысы Анн-Сесиль Барбье атап өтті.

2007 жылдың қараша айында құрылған Alstom қоры бүкіл әлем бойынша Alstom нысандарының жанында орналасқан елді мекендердегі өмір жағдайы мен экономикалық перспективаларды жақсартуға бағытталған жобаларды қолдайды және демеушілік етеді. Жобалардың идеяларын әзірлеуді, өтінімдер беру мен оларға қолдау көрсетуді Alstom қызметкерлері жергілікті ортаға барынша оң әсер ету мақсатында Alstom қорынан көмек сұраған кәсіптік серіктестермен ынтымақтасу арқылы жүзеге асырады. Барлық жобалар аталмыш жобаларды жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша өз қабілеттерін растайтын жергілікті немесе жаһандық үкіметтік емес ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы жүзеге асырылады.

«Тәлімгерлік бағдарламасы қиын өмірлік жағдайларға тап болған жастарға көмек көрсетудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады деп есептейміз және Alstom қорының арқасында балалардың өз тәлімгерлерін – болашақ достарын кездестіру мүмкіндігі ұлғаяды. Сондай-ақ бізде жобаның географиясын кеңейтуге және оған жаңа қалаларды енгізуге мүмкіндік туды, сондықтан көптеген балалар өз  тәлімгерлерін табады деп сенеміз», - «Дара» қорының жобалары мен бағдарламаларының жетекшісі Айнұр Аймурзина атап өтті.

2005 жылдан бастап «Дара» қоры Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар және жетім, ана-анасының қамқорынсыз қалған балалардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады. «Дара» қорының жобалары балаларды оқытуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мамандықты игеруге қолдау көрсетуге бағытталған. «Дара» қоры ерекше қажеттіліктері бар балалар мен балалар үйнінің тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғау тұрғысынан заңнама мен тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

Alstom компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің штатында 950 қызметкер еңбек етеді, екі бірлескен кәсіпорны мен екі зауыты бар, олар: локомотивтер мен тартқыш трансформаторларды өндіретін және техникалық қызмет көрсететін, Нұр-Сұлтанда орналасқан Электровоз Құрастыру Зауыты; және бағыттамалық жетектерді өндіретін, Алматыда орналасқан Қазэлектропривод.  Alstom Орталық Азия мен Кавказдың аумағында электровоздар мен бағыттамалық жетектерді жалғыз өндірушісі болып табылады, сондай-ақ осы өңірде теміржол өнеркәсібін жаңғырту және экономиканы дамыту бағдарламасының негізгі қатысушысы болып табылады.